Француздар электр қуатын үнемдеуге көшті

Қыста, күніге бірнеше сағат, жарық сөніп қалуы мүмкін. Франция тұрғындары, осыған дайын болуы керек.

Билік осындай қауіп барын айтады. Өйткені қазір энергетикалық дағдарыс шиеленісіп тұр. Сондықтан мамандар электр қуатын мейлінше аз тұтынуға шақырады. Қала басшылары да үнемге кіріскен. Сөйтіп биыл мереке қарсаңында жарықтандыру жүйелеріне кететін шығын 60% дейін азайды. Бұл ақшаны үнемдеудің де бір амалы. Өйткені қымбатшылық салдарынан электр энергиясының құны айтарлықтай өскен. 

Аньес Паннье-Рюнаше, Францияның Энергетикалық ауысу министрі:

- Біз ең нашар сценарийге даяр болуымыз керек. Бұл энергетикалық жүйемізді қорғау үшін қажет. Үнемдеуге тура келеді. Соның арқасында біз кейінгі екі айда электр энергиясының тұтыну мөлшерін 7% азайттық. Бұл бағытта ірі кәсіпорындармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Жарықтың өшірілуін болдырмауға мүмкіндігінше тырысамыз.