Украинадағы Одесса облысының 1,5 млн тұрғыны жарықсыз қалды

Украинадағы Одесса облысының 1,5 млн тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірдің аса маңызды инфрақұрылымдары ғана электр энергиясымен қамтылған. Ресей әскері түнде дрондармен энергетикалық нысандарды атқылаған. Одесса қаласының өзі толығымен жарықсыз қалды. Мұнда қоғамдық көліктің қозғалысы шектелді. Ол аздай өңірде судың берілуіне қатысты қиындықтар туындаған. Ал билік электр желілерін толығымен қалпына келтіру үшін 2-3 ай кетуі мүмкін дейді. Қазанның басынан бері Ресей әскерінің энергетикалық, байланыс және әскери нысандарға шабуылдары үдей түскен. Соның салдарынан Украинада жарық кестеге сай өшіріліп отыр.