АҚШ-та кейінгі 9 жылда тіркелген ең ірі экологиялық апат болды

Канзас штатындағы оқиға, АҚШ-та кейінгі 9 жылда тіркелген ең ірі экологиялық апат болды.

Бірнеше күн бұрын мұнда құбырдағы ақау салдарынан жергілікті бөгенге 14 мың баррель мұнай төгілген. Қазір суды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Апат болған құбыр арқылы Канаданың батысынан АҚШ-қа тәулігіне 600 мың баррель қара алтын тасымалданып келген еді. Иелік ететін компания тағы бір құбыр салуға дайындалып жатқан. Алайда сарапшылар бұл оқиғадан кейін тиісті жоспарды іске асыру қиын болатынын айтады.