НАСА Айға ұшырған кеме қайтып оралды

АҚШ ғарыш агенттігінің Ай орбитасына ұшырған "Орион" ғарыш кемесі Жерге оралды.

Ол жоспарланғандай Тынық мұхитына барып қонды. Ғарыш кемесі жер серігіне қарашаның 16-сында ұшырылған еді. Сапар сынақ ретінде ұшқышсыз жүзеге асырылды. Оның барысында "Орион" жер серігін 2 рет айналып өтіп түрлі аппаратты тексеріп зерттеді. Бұл сапар 2024 жылы Айға ғарышкерлерді ұшыруға дайындық болды. 

Ванесса Вайче, Джонсон атындағы наса ғарыш орталығының директоры: 

- Бұл миссия өте сәтті болды. Енді ғарыш кемесін одан әрі жетілдіріп Артемида-2 бағдарламасына дайындалмақпыз. Алда көп жұмыс тұр. Себебі біз келесі жолы айға ғарышкерлерді аттандыруды жоспарлап отырмыз.