Анталияны топан су басты

Анталияны топан су басты

Түркияның Анталия қаласында нөсер жауып, соңы селге ұласты.

Айтып келмейтін апат салдарынан, әзірге кемі 1 адамның қайтыс болғаны белгілі. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Кумлужа және Финике аудандарында  тұрғын үйлерді, кеңселерді су басқан. Жол бойындағы көліктерді ағын су шайып кетті. Шағын аудандардағы жарық уақытша сөндірілді. Аталған қос аудандағы мектеп оқушыларына бір күндік демалыс жарияланды. Жергілікті уақыт бойынша кеше түсте басталған жауын әлі тоқтамай тұр. Нөсердің салдарынан болған шығынның көлемі белгісіз.