Германияда құмырада өсіп тұрған шыршаны жалға алуға болады

Германияда құмырада өсіп тұрған шыршаны жалға алуға болады

Германия тұрғындары шыршаларды кеспей жыл сайын қолданудың әдісін тапты.

Жылыжайларда өсірілген жаңа жылдық ағашты уақытша жалға алуға болады. Бұл акция тұрғындар арасында кең қолдау тапты. Себебі әдетте мерекеден кейін миллиондаған шабылған шырша қоқысқа лақтырылады. Оны жалға алу құны 20 еуродан басталады. Құмырадағы шыршаларды мерекеден кейін қайта өткізуге болады. Экоқамқорлық акциясы тұрғындардың көңілінен шықты. 

Андреас Фредрих, шыршаны жалға беретін фирма иесі:

- Осыдан 5 жыл бұрын шыршаларды жалға беру бизнесін бастағанымда маған бәрі "бұл идеяң қате" деді. Бірақ мен мойымадым, ағашты өсіру бойынша, тіпті өз технологиямды ойлап таптым. Биыл шыршаларды жалға алуға сұраныс ерекше артты. Яғни табиғат ананы қолдау шарасы жыл сайын кеңейіп жатыр. Адамдардың санасы өзгерді.

Франк, Берлин тұрғыны:

- Ағашты жалға беру тамаша шешім! Мерекеден кейін, әдетте, оны лақтыруға тура келеді. Ал енді жылыжайларға қайта әкеліп, өткізетін болдық. Алдымен біз пластик шыршаны сатып алғымыз келген, бірақ жалға алуды білгенде таңдауымызды өзгерттік. Шыршаны биыл екінші рет осы жерден жалға алып тұрмыз.