Иранға қарсы санкциялар көбейді

Еуропалық Одақ Иранға қарсы санкциялар пакетін кеңейтті. Шектеулер адам құқығының тапталуына байланысты салынып отыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері Еуропалық Одақ дипломаттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Одаққа мүше 27 ел бірауыздан жаңа шектеулерді мақұлдаған.

Оқиға Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Полиция Аминиді орамалды дұрыс тақпағаны үшін қамауға алып, кейін қыз ажал құшқан. Салдарынан елде наразылық шаралары өршіп, 15 мыңға жуық адам тұтқынға алынған. Акциялар барысында кемінде 330 адам қаза тапты. Таяуда ереуілге қатысқан екінші адам өлім жазасына кесілді.