Перуде Үкіметке қарсы басталған ереуіл басылар емес

Перуде Үкіметке қарсы басталған ереуіл тыйылар емес. Жаппай наразылық акцияға 24 мыңнан астам адам жиналған.

Ашуға бой алдырғандар полициямен қақтығысқа түсті. Салдарынан 40-тан астам тәртіп сақшысы жарақат алды. 5 адамның қаза болғаны белгілі. 7 ереуілші қамалды.   Наразылар елдің оңтүстігіндегі Андауайлас әуежайының жұмысына кедергі келтіріп, жанармай сақталған қойманы өртеп жіберген. Өзге де өңірлердегі тас жолдар бұғатталды. Естеріңізге салайық, өткен аптада парламент ел президентіне  импичмент жариялап, оны қызметінен босатқан. Кейін прокуратура Кастильоның үстінен қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алды.  Енді халық оның бостандығын талап етіп отыр.