Австралияда атыстан 6 адам ажал құшты

Австралияда атыс болып, 6 адам ажал құшты.

Олардың 2-уі полиция қызметкері. Тәртіп сақшыларына 12 ай бұрын 1 адамның жоғалғаны және ол Квинсленд штатындағы үйде болу мүмкін деген хабар жетеді. Билік осы ақпаратты тексеруді өтінген. Оқиға орнына жеткен 4 полицейді мұздай қаруланған 3 адам оқ жаудырып қарсы алған. 2-уі қашып құтылып, көмекке шақырып үлгерген. Атыстан 3 қаскөйдің көзі жойылды. Көрші кісі де оққа ұшқан. Қайғылы оқиғаның себеп-салдары тергеліп жатыр.

Катарина Карролл, Квинсленд штатының комиссары:

- Бір оқиғада 2 бірдей офицерден айырылу - үлкен қасірет. Полицейлер қанша тырысқанымен, мәселені бейбіт шешу мүмкін болмаған. Мынадай қауіпті жағдайда 2 тәртіп сақшысының тірі қалуы мен үшін таңғажайыппен бірдей.