Жаңа Зеландияда жасөспірімге шылым сатқандар айыппұл төлейді

Жаңа Зеландияда жасөспірімге шылым сатқандар айыппұл төлейді

14 жасқа толмаған балаларға темекі сатқан адам 95 мың долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Жаңа Зеландия Парламенті шылым шегуді шектеуге байланысты Заң қабылдады. Құжат бойынша, жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға құрамында никотин мөлшері аз темекілер ғана сатылатын болды. Бұл шаралар 2025 жылға дейін обыр ауруы көрсеткішін азайту үшін жасалып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір азаматтар арасындағы онкологиялық аурулардың әрбір төртінші жағдайы темекі шегуден пайда болады.  Жаңа Зеландияда небәрі 5 млнға жуық халық тұрады.