Нью-Йоркте полиция қоймасынан өрт шықты

Ғимаратта соңғы 25-30 жыл ішінде жиналған айғақтар, оның ішінде  қылмыстық оқиға орнынан табылған биологиялық айғақтар сақталыпты.

Оқиға кезінде 8 адамның зардап шекті. Мамандардың болжамы бойынша өрт әлі бірнеше күн жалғасуы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 150-ден астам маман, үш арнайы катер мен ұшқышсыз аппараттар тартылды. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.