Беларусь әскер дайындығын тексерді

Беларусьте әскер дайындығы тексеріле бастады.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әзірлікті пысықтауды президент Александр Лукашенко тапсырған. Әскери оқу-жаттығуы кезінде тұрғындардың белгілі бір жолдармен көлікпен жүруіне тыйым салынды. Батыс бұған дейін "Минск Кремльдің Украина аумағындағы операцияларына көмектесіп жатыр" деген пікірді бірнеше рет мәлімдеген болатын. Осы күзде Лукашенко мен Владимир Путин аймақта бірлескен әскер қосынын жасақтау туралы келіскен болатын.

Александр Вольфович, Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы:

- Белгілі бір аумақта нысандарды қорғау, шабуыл жасау, тактикалық тапсырмаларды орындау бойынша іс-шаралар жасалады. Украинадағы арнайы әскери операцияның тәжірибесін талдау арқылы жаңа міндеттер қойылады. Бүгін оңтүстік өңірдегі бөлімшенің әзірлігін сынаймыз. Сынақ қорытындысы мемлекет басшысына баяндалады.