Еуроодақ елдері газ бойынша келісе алмады

Еуроодақ елдері газ бойынша келісе алмады

Брюссельде бас қосқан Еуропалық Одаққа мүше елдердің энергетика министрлері бұл жолы да газдың шекті бағасы жөнінде ортақ ұйғарымға келе алмады.

Тараптар әлі пікір таластырып жатыр. Венгрияның сыртқы істер министрі  Еуропалық одақтың құрлықтағы газ дағдарысын мойындамайтынын алға тартты. Бірлестік министрлері келесі аптада тағы жүздеседі. Саясаткерлер табиғи газдың ортақ бағасын қою арқылы коммуналдық төлемдерді арзандатпақ. Ал кей сарапшылар шекті баға белгіленсе, газ жеткізетін ірі компаниялардан айырылып қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді.