Гонконгта коронавирус шектеулері жеңілдеді

Гонконгта коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдетілді. Жергілікті билік,  қалаға келушілерге шектеулерді алып тастады.

Бұл пандемия басталғалы соңғы үш жылда алғаш рет болып отыр. Енді туристер қалада емін-еркін жүріп, мейрамханалар мен спорттық мекемелерге еш кедергісіз бара алады. Дегенмен, қалаға келген қонақтар екі күннің ішінде  ПТР тестін тапсыруға тиіс. Ал Гонконг билігі ауруды көрсететін ұялы қосымшаны алып тастады. Яғни кеңселерде және барлық қоғамдық орында қосымшамен тіркелу керек емес. Тек вакцинация паспортын көрсетсе болды. Гонконг мұндай қадамға Қытай басқармасы ел бойынша ауруға қатысты шектеулерді жеңілдеткеннен кейін барып отыр.