Абу-Даби ұсынған теңіз жүйесін қорғайтын экожоба үздік деп танылды

Абу-Даби ұсынған теңіз ортасын қалпына келтіру бағдарламасы үздік деп танылды. Біріккен Ұлттар ұйымы оны «жаңашыл бастама» деп атап, үздік 10 жоба қатарына енгізді.

Экожоба Парсы шығанағы жағалауындағы балдырларды, Маржан рифтерін және мангрларды қалпына келтіруге бағытталған. Басты мақсаты – теңіз суын мекен еткен стеллер сиыры сүтқоректісі популяциясын қорғау. Абу-Даби жүзеге асырып жатқан жоба көптеген басқа өсімдіктер мен жануарлардың да жағдайын жақсартады. Олардың ішінде тасбақалар мен дельфиндердің ерекше түрлері бар. Қазіргі таңда жеті жарым мың гектарға жуық жағалау аумағы қалпына келтірілді. 2030-шы жылға қарай тағы төрт жарым мың гектар қамтылады.