Шикізат келер жылы қымбаттайды

Келер жылы шикізат тауарлары ең құнды активтер болмақ.

Бұған қаражат салған инвесторлардың табысы 40% өседі. Goldman Sachs Group халықаралық сарапшылары осылай дейді. Болжамға сәйкес, 24 тауар түрі сұранысқа ие болады. Goldman деректеріне сүйенсек Brent маркалы бір тонна мұнайдың бағасы келер жылдың төртінші тоқсанында он жарым мың АҚШ доллардан асуы мүмкін, қазір мұнай құны 8 мың доллар. Жаңа жылда мыстың бағасы 2 мың долларға қымбаттайды деп күтілуде.