Ресейге қарсы 9-шы санкциялар пакеті мақұлданды

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы кезекті тоғызыншы санкциялар пакетін мақұлдады.

Құжатқа сәйкес жаңа шектеулерге ұшқышсыз аппараттар мен оның бөлшектерінің импорты және банк саласы ілікті. Ресейдегі тау-кен өнеркәсібіне инвестиция құюға да тыйым салынды. Қара тізімде қорғаныс, Мемлекеттік дума, Қауіпсіздік кеңесінің 200-ге жуық өкілі енгізіліп, бірқатар компанияның активі бұғатталады. Сонымен қатар, Брюссельде өткен кездесуде саясаткерлер Украинаға қосымша 18 млрд еуро көмек көрсетілетінін жария етті.