Ресейде доңыз тұмауы ушығып барады

Ресейде доңыз тұмауы ушығып барады. Ауру елдің 82 өңірінде анықталған.

Бір аптаның ішінде дертті жұқтырғандардың қатары 35% артты. Мамандар вирус мереке күндері етек жаюйы мүмкін деп дабыл қағады. Сондықтан шұғыл екпе егу шарасын ұйымдастыру керек дейді. Дәрігерлердің айтуынша H1-N1 вирусы денсаулығы әлсіз адамдарға өте қауіпті. Ауру түрлі асқынуларға әкеп соғуы әбден мүмкін. Бұған қоса аймақта коронавирус індеті де өршіп тұр. Ресейдің бұрынғы санитарлық дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша қоғамда ковидке қарсы қалыптасқан иммунитет 60% жетті, ал доңыз тұмауына қарсы ондай иммунитет жоқ. Енді мамандар ковид пен тұмауға қарсы біріңғай вакцина шығаруды көздеп отыр.

Геннадий Онищенко, Ресей ғылымдар академиясының академигі:

- Бүгінде көбінесе Омикрон вирусы кең етек жайды. Алайда бұл ең жұқпалы штам болғанмен, қауіптілігі H1N1 тұмауы сияқты жоғары емес. Омикронға қарағанда доңыз тұмауы күрделі. Вирусты жұқтырған адамның бірден дене қызуы көтеріліп кетеді.