Перуде халық әуежайды басып алмақ болды

Перуде ереуілдер тыйылмай тұр. Таяуда наразы жұрт халықаралық әуежайды басып алмақ болды.

Полициямен қақтығыс кезінде бір адам мерт болды. Ақпарат көздері, әуежайда 10 азамат зардап шеккенін хабарлайды. Полиция ереуілшілерді көз жасаурататын газбен таратқан. Соңғы деректерге қарағанда, елде жаппай наразылық басталғалы қақтығыстардан бас-аяғы 7 адам көз жұмып, 52-сі жараланған.

Айта кетейік, Перудегі наразылықтар президент Педро Кастильо абақтыға қамалғаннан кейін басталып отыр. Халық Конгресс жұмысын тоқтатып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді талап етуде.