Мәскеуде рейстер кешікті

Мәскеуде рейстер кешікті

Мәскеу әуежайларында ондаған рейс кейінге қалды.

Ұшақтар кеше де кешігіп, уақытында ұша алмаған еді. Ұшақ тұрмақ бүгін көп адам қалың қар басып қалған көлігін әзер аршып алған. Бұл ылғалың айлық нормасының үштен бірі дейді метерологтар. Бірақ күн ашылатын түрі жоқ. Бүгін тағы қар жауады. Оның қалыңдығы 34 сантиметрге дейін барады деп болжап та қойды мамандар. Оның үстіне ара тұра жел де ұйытқып тұр. Бұған дейін Мәскеуде қауіптіліктің сары деңгейі жариялаған. Ол әлі сақталады. Жалпы мұндай жағдай Ресей астанасында 1941 жылдан бері болмаған екен.