Техаста төтенше жағдай жарияланды

Техаста төтенше жағдай жарияланды

Техастың Эль-Пасо қаласында төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұған Мексикадан ағылып келіп жатқан мигранттар себеп. Бұл туралы ABC News хабарлайды.

Осы уақытқа дейін билік өкілдері қатаң шаралар қабылдаудан бас тартқан еді. Дегенмен, күн суытып, қалада жағдай күрт нашарлап кеткен. Себебі жүздеген босқын салқында далада  түнеуге мәжбүр. Бұған қоса, пандемия кезіндегі «Бөлім -42» атты жедел желінің  жұмысының тоқтауы ахуалды нашарлатты. Бұрын сол желі арқылы федералды басқарма сырқаттанған мигранттарды депортациялайтын. Эль-Пасода төтенше жағдай желтоқсанның 24-не дейін жалғасады.