Мәскеу қалың қар құрсауында қалды

Мәскеу қаласы қар құрсауында қалды. Қардың қалыңдығы 1,5 метрден асады.

Синоптиктердің айтуынша бұндай мөлшердегі қар 1941 жылдан бері алғаш рет жауып отыр.  Табиғаттың тосын мінезіне байланысты жергілікті билік шұғыл ескерту жариялап, тұрғындарды жеке көлігімен жолға шықпауға шақырды. Қазір шаһар жолдарын тазарту жұмыстарына 120 мыңға жуық жұмысшы тартылды. Ал, ұшақ рейстері кейінге шегеріліп жатыр.