Перуде шеру басылмай тұр

Перуде шеру басылмай тұр

Перу халқының ереуілі әлі де басылар емес.

Бұл жолы да наразылық тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Хунин ауданында болған ереуіл кезінде 3 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын түрлі  жарақат алды. Арасында полиция өкілдері де бар. Ашуға бой алдырғандар шаһар көшелеріндегі қозғалысты бұғаттап, тәртіп сақшыларына тас атқан. Жиналғандарды тарқату үшін әскерилер көз жасаурататын газ қолданды. Кейінгі уақытта Перудегі саяси дағдарыс ушыға түсті. Президент Педро Кастильо қызметінен кеткеннен кейін елде жаппай наразылық акциялар көбейді. Қазір елдің бұрынғы басшысы қамауда отыр.