Санта Клаус тұратын елге туристер көптеп бара бастады

Биыл Лапландияға ағылып жатқан туристердің қарасы қалың.

Финляндияның солтүстігіндегі бұл өңір Санта Клаустың отаны саналады. Сол үшін мұнда Рождество қарсаңында Аяз атаның үйін көруге мыңдаған адам келетін. Алайда былтыр пандемия кезінде адам санына қатысты шектеу болған. Соның салдарынан туризмнен түсетін табыс 90 процентке азайған. Биыл шектеу жоқ. Осылайша  желтоқсанда бұл жаққа  63 мың адам келеді деп күтіліп отыр. Биыл Лапландияға жаңа рейстер ашылып, туризмге қосымша инвестиция тартылған.