Қытайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдетілді

Қытайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдетілді

Қытайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр.

Енді тұрғындар қоғамдық орындарға бара береді. ПТР-тест талап етілмейді. Бұрынғыдай QR код көрсетудің қажеті жоқ. Шектеу шараларын алғашқылардың бірі болып жеңілдеткен шаһар - Шанхай. Өйткені қала тұрғындары локдаунды алып тастауды талап етіп ереуілдер ұйымдастыра бастаған. Билік наразы топтың дегеніне көнді. Бірақ эпидахуал нашарлап кетті.

Чжан Хуа, такси жүргізушісі:

- Шектеулер алынып тасталғалы коронавирус жұқтырғандар көбейді. Тест оң нәтиже көрсетсе, үйден шықпай отыру керек. Бұрын шығынды үкімет төлейтін. Қазір тек сақтандыру полисі арқылы емделуге болады. 

Науқастардың көбюіне байланысты шығысымыздағы көрші елде вирусқа қарсы препараттар мен өзге де дәрілердің тапшылығы туындаған. Сонымен қоса эпидахуалдың ушығуы салдарынан жеткізу қызметінің жұмысы да нашарлады.