Англия Банкі Ұлыбританияның жаңа королі бейнеленген банкноталарды көрсетті

Англия Банкі Ұлыбританияның жаңа королі бейнеленген банкноталарды көрсетті

Англия Банкі Ұлыбританияның жаңа королі бейнеленген банкноталарды көрсетті. Карл III есімін иеленген монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтерде пайда болады.

Дизайны толық сақталып, Елизавета II бейнесі ғана алмастырылады. Жаңа банкноттар 2024 жылдың ортасында айналымға енеді, дейді елдегі билік. Олар тозған ақша купюраларын біртіндеп алмастырады. Ал ескі дизайнды ақша заңды күшін жоймайды.