Франкфуртта әлемдегі ең көне Рождестволық жәрмеңке жұмыс істеп тұр

Майндағы Франкфурт қаласында әлемдегі ең көне Рождестволық жәрмеңкелердің бірі жұмыс істеп тұр.

Бұл 1393-ші жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Осыған орай Ремерберг алаңында 200 Рождестволық шатыр тігілді. Кешке мұнда мыңдаған тұрғын мен турист жиналады. Франкфурттағы шара әлемде адам ең көп жиналатын жәрмеңкелердің бірі саналады. Жыл сайын мұнда 3 млн мейман келеді.