Мексикада шахтадағы апаттан екі адам қаза тапты

Мексикада шахтадағы апаттан екі адам қаза тапты

Мексиканың Морелос штатындағы құм шахтасында апат болып, екі адам мерт болды.

Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған ондаған техника мен маман тартылған. Қамалып қалған кеншілерге жету үшін жүздеген тонна құм мен тасты тазарту керек боды. Әзірге шахтада тағы қанша адам бар екені белгісіз. Естеріңізге салайық, осыдан 4 ай бұрын Мексиканың солтүстігіндегі көмір шахтасында да апат болып, 10 кенші қаза тапқан. Мақұмдардың денесі әлі де іздестіріліп жатыр.