Мароккодағы газ қоймасында жойқын жарылыс болды

Мароккодағы газ сақталатын қоймада жойқын жарылыс болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша жанармайға толы 5 автоцистерна өртенген. Тілсіз жау бақылауға алынды. Абырой болғанда апаттан зардап шеккендер жоқ. Мамандардың болжауынша жарылыс газдың жылыстауынан болуы мүмкін. Тергеу ісі басталды.