Францияда пойыз билеті қымбаттап кетті

Осы Францияда теміржолшылар шеруге шықты. Енді осның кесірінен 200 мыңдай жолаушы Рождество кезінде жолдан қалуы мүмкін.

Өйткені наразылық акциясына байланысты елдегі пойыздардың үштен бірі жолға шықпайды. Ұлттық теміржол компаниясы жолдан қалған азаматтарға екі билеттің құнына тең өтемақы беретінін хабарлады. Бұл ереулі Рождество ғана емес, Жаңа Жыл мерекесінің де шырқын бұзады деген қауіп бар. Себебі теміржолшылар желтоқсанның 31-іне де наразылық акциясын жоспарлап қойған. Алайда компания басшылығы кәсіподақ өкілдерімен келіссөз жүргізіп, жаңажылдық мереке кезінде пойыз қатынасын тоқтатпау туралы мәмілеге келді. Қазір Францияда өңіраралық билет құны аспандап тұр. Баға бұрынғыдан бірнеше есе қымбат.