Мәскеуде қазақша кофехана ашылды

Мәскеуліктер ірімшік, тары мен талқан қосылған кофенің дәмін татып, заманауи қазақ тағамдарымен таныса алады.

Ресей астанасында алғашқы қазақ этнокофеханасы ашылды.

Ірімшікпен латте, тарымен капучино, жиде қосылған американо. Мәскеудің төрінде «Тары» деп аталатын кофехана ашылды. Ресейліктер түгілі қазақстандықтарға да таңсық дәмді ерекше рецепт бойынша әзірлейді. Мұнда Түркістанда өсетін таулы сырғалдақты, Солтүстік Казақстан облысынан әкелінген тасшөпті, Түркістан өңірінен жиналған жидені шайға қосып ішуге болады.

Ратбек Садвақасов, аспаз:

 - Қазақта қазір барлығы үйреніп қалған тағамдар бар, ол бешбармақ пен бауырсақ ғана. Негізінде өте көп тағамдарамыз бар және әр тағамның ерекшелігі мен тарихы бар. Этнографтарымыз байырғы рецептерді береді, сол рецептерді қолдана отырып, оларды өзгертпей даярлаймыз да осындай мәзір шығарамыз. Бұның барлығы не үшін десеңіз, біздің қазақилығымызды бүкіл әлемге паш ету үшін.

Этнографтардың ізденістері негізінде көне жазбалар зерттеліп, бір жарым мың қазақ тағамдарының  картасы жасалды.

Әйгерім Мұсағажинова, этнограф:

 - Осылай біздің дәстүрімізді көрсетіп, тек қана шай емес, кофенің де дәстүрін өзгертіп, сол кофеге отыздай патентіміз бар. Қазақстанда өсетін шөптерді зерттеп, аналог кофе дейді, соның бірнеше разработкамыз бар.

Жоба авторлары өзге елдерде осындай ұлттық кафе ашуды жоспарлап отыр.

Дана Нұржан, Шахзод Гамиров