Иран валютасы құнсызданды

Иранда қыркүйек айынан бері жалғасып келе жатқан наразылықтардан ел валютасы құнсызданып, тарихи мимнимумға төмендеді.

Дерекке қарағанда риалдың бағасы 21 пайызға арзандаған. Мұндай жағдай соңғы рет 2018 жылдың мамыр айында АҚШ Иранмен ядролық келісім-шарттан бас тартқан кезде болған еді. Парсы еліндегі толқулар қыркүйек айында басталды. Оған Махса Амини есімді студент қыздың өлімі себеп болды. Полициямен қақтығыстардан 300-ден аса адам қаза тауып, мыңдаған шеруші қамалған. 

БЛИЦ:

1.Елдегі экономикалық ахуал нашарлап кетті. Ұлттық ақшамыз құнсызданып, адамдардың сатып алу қабілеті төмендеді. Бұл халықтың әл ауқатына кері әсер етіп жатыр.

2.Нарық баяуласа өнеркәсіп пен экономика да құлдырайды. Еліміздің валютасы да құнсызданады. Мұның бәрі әдетте 90 пайыз ішкі мәселелерден туындайды. Бірақ билік АҚШ-ты айыптаудан жалығар емес.