Пхеньян ұшырған дрон Сеулды әбігерге салды

Пхеньян ұшырған дрон бүгін Сеулді әбігерге салды.

Ұшқышсыз аппарат Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігінде пайда болған соң, ел-жұрттың зәресі кетті. Елдегі екі – Инчхон және Кимфо әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Алайда, дронның ешқандай қарусыз екені анықталды. Таңғы уақытта екі ел шекарасын кесіп өтіп, Оңтүстік Кореяның әуесіне көтерілген дронды ұстау үшін Сеул әуе күштерін іске қосты. Бұл операция барысында КА-1 шабуылдаушы ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл үшін жауапкершілікті Сеул Пхеньянға жүктеді. Ал дронның не мақсатта жөнелтілгені белгісіз қалып отыр.