АҚШ-та бораннан қаза тапқандар саны артты

АҚШ-та бораннан қаза тапқандар саны артты

АҚШ-тағы ақтүтек боран мен сарышұнақ аяз 60-тан астам адамның өмірін қиды.

Күннің суытуынан, әсіресе, Нью-Йорк штатының тұрғындары қатты зардап шекті. Кей өңірлерде қардың қалыңдығы 1 метрден асып, сынап бағанасы минус 50 градусқа дейін төмендеген. Жергілікті билік алдағы күндері тағы қалың қар жауатынын ескертіп отыр. Сондықтан тұрғындарға алыс сапарға шықпай, үйде қалуға кеңес береді. 

Марк Полонкарз, Эри округының атқарушы директоры:

- Қазір қаламызда қар тазаланып, жолдар аршылып жатыр. Шаһардың орталығы ашылғанымен, шеткі аудандарда көлікпен жүру мүмкін емес. Сондықтан тұрғындарға алысқа шықпай, үйде қалуларын сұраймыз.