Мексикада жүздеген канадалық саяхатшы еліне қайта алмай отыр

Мексикада жүздеген канадалық саяхатшы еліне қайта алмай отыр

Мексикада жүздеген канадалық саяхатшы еліне орала алмай отыр.

Ақтүтек боран салдарынан Америкадан Канадаға ұшуға тиіс болған рейстердің көбі орындалмады. Өткен аптада АҚШ-тың орталығы мен батысындағы оннан астам штатта қалың қар жауып, қатты соққан бораннан барлық көлік қатынасы тұралап қалған еді. Күн райының қолайсыздығынан барлығы 14 мыңнан астам рейс кейінге шегерілді.

Брукли Дерксен, канадалық саяхатшы:

- Біз бұл жерде төрт күн бойы ұшақ күтіп отырмыз. Әуе компаниясы қонақ үйден әуежайға күнде апарады. Бірақ 12 сағат тосып кері қайтамыз. Әзірге ешкім бұл жағдайға қатысты толық ақпарат берген жоқ. Мәселе жуық арада шешілер деген үміттеміз.