Кизай есімді қоңыр панда қыс мезгілін ерекше жақсы көреді

Табиғи ортадан тыс жерде өмір сүріп жатқан, әлемдегі жалғыз қоңыр панда жауған қарға ерекше шаттанды.

Қытайдың Цин-лин зерттеу орталығын мекендейтін Кизай есімді қоңыр панда қыс мезгілін ерекше жақсы көреді. Ол жерге домалап, сырғанап, арқасымен қарға жатып ойнады. Қыстың күні оның тәбеті де ашылады. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, ересек алып панда суықта күніне 50 келі бамбук тұтынуы мүмкін. Сол үшін орталық Оңтүстік Шэньсиден панданың сүйікті асы – бамбукты арнайы алдыртатын көрінеді.