Сербия Президенті А. Вучич Батыс елдерін сынады

Сербия Президенті Александр Вучич Косоводағы ахуалдың шиеленіскеніне Батыс елдерін айыптады.

Оның айтуынша, бұл мемлекеттер аймақтағы этникалық албандарды қолдап, жағдайды ушықтырып отыр. Бұл мәселе бойынша серб билігі ЕуроОдақ және АҚШ-пен келіссөз бастаған. Өзін-өзі жариялаған Косовоның этникалық сербтер тұратын солтүстік аудандарында соңғы бірнеше апта бойы жағдай күрделі. Оған Косово билігінің өңірдегі серб полициясын таратып, өз күштерін енгізуге талпынуы себеп. Осыған байланысты Сербия Косовомен арадағы шекараға әскерін шоғырландыруға кіріскен.

Александр Вучич, Сербия Президенті:

- Біз аймақта бейбітшілікті сақтау үшін келісссөз жүргізіп, қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Қос тарапқа тиімді ортақ шешім қабылданғанын қалаймыз. Алайда косоволықтардың әрекеті бұған қайшы. Олар Сербияны Косовоның солтүстігі мен Метохиядан түпкілікті қуып шығуды көздеп отыр.