Нью-Йоркте жаңажылдық шар орнатылды

Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Таймс-сквер алаңында дәстүрлі жаңажылдық шар орнатылды.

Биыл әсем дизайн «Махабат сыйы» деп аталған. Себебі 2700-ге жуық үшбұрышты бөлшектен құралған шардың 2 жағында жүрек бейнеленген. Ол пандемия мен шектеулермен байланыстырылып жасалған. Шараны ұйымдастырушылар тақырыпты бірнеше жылға созылған індеттен кейін әлеміміз махабатқа толы болса деген тілекпен таңдап алғанын айтады. Шараны жағу салтанаты ескі жылдың соңғы сәттерінде жүзеге асырылады.