Мәскеу мұнайды бәріне бірдей сатпайды

Ресей президенті Владимир Путин мұнайдың шекті бағасын қолданатын елдерге қара алтынды сатуға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.

Құжат ақпанның 1-інен бастап күшіне еніп, шілде айына дейін қоланылады. Шара батыс елдерінің шешіміне қарымта жауап ретінде қабылданған. Себебі, осы айдың басында ЕуроОдақ Ресей мұнайының бір баррелін 60 доллар деп белгілеп, оны ортақ аймақ аумағына танкермен жеткізуді шектеген болатын. Бастаманы «Үлкен жетілік» елдері мен Австралия қолдады.