Бельгия халқы үнемдеуге көшті

Энергетикалық дағдарыс пен бағынбай бара жатқан баға бельгиялықтарды үнемдеуге үйретті.

Олар сыйлыққа көп ақша жұмсамайтын болды. Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктер кезінде де тұрғындар артық шығын шығармай, ең қажетті заттарды ғана сатып алып жатыр. Оның үстіне күннің жылылығы да сауданың аз болуына өз әсерін тигізді. Әдетте осы уақытта мерекелік қысқы кәдесыйлар көп сатылатын. Жергілікті статистика бюросының мәліметі бойынша, күзден бері азық-түліктің бағасы 15-20 процентке өскен. Осылайша бельгиялықтар қымбат энергия мен шарықтап кеткен инфляцияның зардабын тартып отырған уақытта сауда орындары жылдағы мол пайдадан қағылатын болды.