Индонезияда коронавирустық шектеулер алынды

Индонезия коронавирусқа қатысты барлық шектеулердің күшін жойды.

Бұл туралы президент Джоко Видодо мәлімдеді. Оның айтуынша, вирустың таралуына қатысты жағдай толық бақылауда. Дегенмен, ел Президенті адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюді жалғастыруға шақырды. Маусым айында Денсаулық сақтау министрлігі 20 мыңнан астам тұрғынынан қан алып, зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде тұрғындардың 98,5% вирусқа қарсы антиденелердің бар болғаны анықталды.