Түркияда жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді

Түркия ішкі істер министрлігі жаңа жылда қауіпсіздікті күшейтіп, 81 провинцияға «Жаңажылдық шаралар» туралы нұсқаулық жіберді.

Ол бойынша елді үш күн бойы 81 мыңнан аса бригада күзетеді. Олар қала орталықтары мен мегаполистерде, туристік орындарда, сауда орталықтары, адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері 72 сағат бойы бақылау жүргізеді. Туристтік мекендердің дені толған.