Әзербайжанда туризм қайта жандана бастады

Әзербайжанда туризм қайта жандана бастады

Әзербайжанда туризм пандемияға дейінгі көрсеткіштерге таяп қалды.

Тіпті кейбір елден барған саяхатшылар саны бұрынғыдан да артқан. Мәселен, 2019-шы жылы мұнда Қазақстаннан 47 жарым мың адам табан тіресе, биыл көрсеткіш 135 мыңнан асып еткен. Отандастарымыз үшін бұл елде көбіне емдік турларымен қызықты.   

Ибад Багиров, туристік компанияның директоры:

- Қазақстанмен бізді көп нәрсе байланыстырады. Мәдениетіміз, тіліміз, тарихымыз жағынан ұқсастық көп. Қазақстандық көп әзербайжан тұрады. Түркітілдес елдер арасында әуе рейстерінің санын арттыру керек. Сонда туризм жандана түседі. Айтпақшы, Түркия мен Әзербайжан арасында шетелдік төлқұжатсыз саяхаттауға болады. Бұл өзге түркі тілдес елдер үшін үлгі болу керек.

Сарапшының пікірінше, түркі тілдес елдер арасында тікелей әуе рейстері ашылса, бұл туризмді ғана емес, сауда және экономоикалық байланыстарды дамытуға да өз үлесін қосуы тиіс.