Қытай халқы дәстүрлі Лаба фестивалін тойлады

Қытай халқы дәстүрлі Лаба фестивалін тойлады. Ол аспан асты елінің күнтізбесі бойынша 12 айдың сегізінші күні атап өтіледі.

Биылғы жылы бұл күн 30 желтоқсанға сәйкес келді. Мерекенің құрметіне 8 түрлі дәмнен жасалатын ас әзірленеді. Себебі, 8 саны жергілікті мәдениетте «сәттілік кепілі» болып саналады екен. Тұрғындар Жаңа жылға да белсенді дайындалып жатыр. Елдің шығысындағы суретшілер дәстүрлі балық бейнесіндегі шамдарды әзірлеуді бастап кетті.