Түркия туристерге салық салуды бастады
Бүгіннен бастап Түркияда туристердің тұруына салық салынады.
Тек студенттер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері бұдан босатылады. Жаңа салық туристерге тікелей әсер етпейді, деп жазады жергілікті БАҚ. Оған пансионаттар, кемпингтер және басқа да жалға берілетін нысан басшылары жауапты. Түркия билігі салық түрін 2019-шы жылы енгізуді жоспарлаған еді. Бірақ, заң жобасы коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Биыл Түркия 60 миллион турист келеді деп күтілуде.