Румынияда мұздан жасалған қонақүй келушілерге есігін ашты

Румынияның Карпат тауларындағы Фэгэраш жотасында мұздан жасалған қонақүй саяхатшыларға есігін қайта ашты.

2 мың метр биіктікте орналасқан демалыс орыны кесек мұздардан салынған. Мұндағы төсек орындар қой терілерінен және жылы көрпелермен жабдықталған. Қонақтарға арналған ұлттық мейрамхана да бар. Румыниядағы бұл қонақүй алғаш рет 2005 жылы ашылған еді. Содан бері жыл сайын желтоқсан айында туристерге қызмет көрсетіп келеді.