Францияда дәрігерлер ереуілге шықпақ

Францияда дәрігерлер ереуілге шықпақ

Францияда дәрігерлер жалақыларын көтеруді талап етіп, шеруге шықты.

Ақ халатты жандар үкімет талапты орындамаса бір апта бойы жұмысқа бармауы мүмкін. Билік жаппай наразылық тұмау мен коронавирустың қайта өршуімен тұспа тұс ұйымдастырылып отырғанына алаңдаулы. Ал дәрігерлер Үкімет еңбекақыны 2 есе өсіру керек деп санайды. Мәселен, Францияда терапевттердің жалақылары 2015-ші жылдан бері көтерілмеген. Мамандар болса инфляциядан оның көлемі азайып, күн көру қиындағанын айтады. Үкімет мәселені қарастыруға келіскенімен айлықты 100 пайыз өсіруге қарсы.