Ұлыбритания теміржолшылар ереуілге шықты

Ұлыбритания ереуілдерден көз ашпады. Елде енді теміржолшылар наразылық танытып отыр.

Кәсіподақтар кейінгі кезде жиі талқыланған мәселелер жаңа жыл басталғалы әлі толық шешілген жоқ. Халықтың басты талабы – жалақыны өсіріп, инфляцияға төтеп беру. Ереуілшілердің айтуынша, қазір британдықтардың әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кетті. Ел премьер-министрі Риши Сунактың алдында өте күрделі мәселелер тұр. Теміржолшылардың ереуілі салдарынан пойыздардың жұмысы тежеліп, адамдар жолынан қалып жатыр. Жұмысшылар ереуілі денсаулық сақтау саласына да кесірін тигізді. Мәселен, кей өңірлерде жедел жәрдем қызметі қиындап, ауруханаларға дәрі-дәрмек жеткізу тоқтаған.

Мик Уилан, кәсіподақ басшысы:

- Халықтың айлығы шайлығына жетпейтін болды. Былтыр инфляция 14% болған, биыл одан да жоғары. Мұның барлығы Brexit-тің салдары. Біздің жұмысшыларға жалақыны кем дегенге 25% көтеру керек. Қазір қай саланы алсаңыздар да жағдай қиын. Биліктегілер шұғыл әрекет ету керек.