АҚШ-та оқушы мұғалімге оқ атты

Американың Виргиния штатындағы мектептердің бірінде атыс шықты.

Мұғаліміне ызаланған 6 жастағы оқушы оған оқ атқан. Оқытушы қазір ауруханада. Жағдайы өте ауыр. Оқыс оқиғаға байланысты жергілікті полиция тергеу амалдарын бастады. Баланың тапаншаны қайдан алғаны анықталып жатыр.

Стив Дрю, Ньюпорт-Ньюс полициясының басшысы:

-Жұма күні сағат екілер шамасында мектепте атыс шыққаны туралы хабарлама келді. Осыған байланысты шерифтің орынбасарлары бірден оқиға орнына аттанды. Зардап шеккен мұғалім ауруханаға жеткізілді. Ал алты жасар оқушы қазір қамауда.