Калифорнияда жарты миллионнан астам адам жарықсыз қалды

Калифорния штатында дауыл салдарынан жарты миллион тұрғын жарықсыз қалды.

Мұнда желдің соңын ала жауын төпеп, арты тасқынға ұласты. Табиғат апатынан бір аптада 6 адам опат болған. Арасында бұғанасы қатпаған сәби бар. Ал синоптиктер келер аптада тағы дауыл тұратынын ескертеді.